ТЖМ сейсмикалық жаттығуларға белсенді қатысуға кеңес берді.
ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрлігі 23 ақпанда еліміздің барлық өңірінде жоспарлы сейсмикалық жаттығулар өткізілетінін хабарлады.
Сейсмикалық жаттығулар өтетін күні халықты хабардар ету жүйесі іске қосылады.
"Сейсмикалық жаттығулардың негізгі мақсаты – жер сілкінісі қаупі мен орын алуы кезіндегі іс-әрекетке халықтың дайындық деңгейін арттыру", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
ТЖМ халыққа ескертуге құлақ асып, сейсмикалық жаттығуларға белсенді қатысуға кеңес берді.