Еуропалық комиссия президенті Қазақстанға келеді – СІМ

0
727

Бұл сапар Қазақстан мен Еуропалық Одақтың 30 жылдығына орай ұйымдастырылады.


Еуропалық комиссия президенті Қазақстанға келеді – СІМ

ERNUR.KZ. Еуропалық комиссия президенті Қазақстанға келеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Былтыр қарашада Еуропалық Одақтың бастамасымен Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен шикізат материалдарын жеткізуді әртараптандыру бойынша меморандумға қол қойды. Бұл қаржылық және технологиялық салада ЕО-ның өнеркәсіптік альянсымен ынтымақтастық орнатуға ықпал етеді», - деді Роман Василенко.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Еуропалық комиссияның президенті Қазақстанға келетінін атап өтті.

«Биыл біз Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйен келеді деп жоспарлап отырмыз. Бұл сапардың Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынасқа 30 жыл толуына орай символдық мәні бар», - деді ол.