Fly Arystan балалар билетін 50% қымбатқа сатқан

0
1 311

Алматы қаласының авиациялық көлік прокуратурасы Fly Arystan АҚ әуекомпаниясының жолаушылардың құқығын сақтау қызметін тексеру жүргізген.


Fly Arystan балалар билетін 50% қымбатқа сатқан

ERNUR.KZ. Fly Arystan лоукостері кәмелетке толмағандардың құқығын бұзғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін, - деп жазады Tengritravel.kz.

Алматы қаласының авиациялық көлік прокуратурасы Fly Arystan АҚ әуекомпаниясының жолаушылардың құқығын сақтау қызметін тексеру жүргізген.

"Тексеру нәтижесінде әуекомпания халықаралық рейстерге билет сату кезінде 2-12 жастағы жолаушыларға кәмелетке толмағандарға қолданылатын 50 пайыз арнайы жеңілдікті қолданбағаны белгілі болды", - делінген хабарламада.

Прокуратураның ұсынысы бойынша Азаматтық авиация комитеті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 571-бабы 1-бөлігі бойынша әуекомпанияға қатысты әкімшілік хаттама толтырды.

Жиналған мәліметтерді Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады, оған 2023 жылы 16 ақпанда жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы қабылданды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Таяуда Fly Arystan әуекомпаниясы биыл қаңтар-ақпан айларында Қостанай әуежайынан ұшатын рейстердің тең жартысын қысқартқаны туралы хабарланды.