Газға қосылу рұқсатын eGov порталынан алуға болады

0
851

Жаңа қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.


Газға қосылу рұқсатын eGov порталынан алуға болады

ERNUR.KZ. eGov.kz порталында газ тарату желілеріне қосылуға техникалық шарттарды беру қызметі іске қосылды. Дайын құжат жеке кабинетке жіберіледі, деп жазады sputnik.kz.

Жаңа қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. Портал арқылы осы қызметке тапсырыс беру үшін барлық қажетті жолдарды толтырып, көрсетілген мекен-жай бойынша тіркелген құқықтар мен ауыртпалықтар туралы ақпаратты растау қажет.
"Бүгінде үйді көгілдір отынға қосу үшін ең алдымен жер үйлер мен нысандардың иелері техникалық шарттарды алуы керек. Бұл кезеңді ыңғайлы ету үшін біз энергетика министрлігі мен "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-мен бірлесе бұл қызметті онлайн режимге ауыстырдық. Дайын құжатты eGov.kz жеке кабинетінде көруге болады",- дейлі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
"Газ тарату желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру" қызметі электрондық үкімет порталының "Жылжымайтын мүлік" - "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" бөлімінде қолжетімді.
Жаңа қызметтің мерзімі:
техникалық күрделі емес объектілері үшін – 5 жұмыс күні;
техникалық күрделі объектілер үшін – 10 жұмыс күні.
Жеке кабинетке техникалық шарттар туралы құжат жіберіледі.