Германиялық компания Қазақстанда жаңа әуежай салмақ

0
281

​Құжатқа көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен “SKYHANSA” басқарушы серіктесі Юрген Грецбах қол қойған.


Германиялық компания Қазақстанда жаңа әуежай салмақ

ERNUR.KZ. Германиялық "SKYHANSA" компаниясы Қазақстанда жаңа әуежай салмақ, деп жазады inbusiness.kz.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Германияның федералды канцлері Олаф Шольцтың Қазақстанға ресми сапары аясында көлік министрлігі мен "SKYHANSA" компаниясы арасында "Қорғас – Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағында жүк-жолаушылар әуежайын салу жобасын іске асыру туралы негіздемелік келісім жасалды.

Жоба қуаты сағатына 500 адамға дейінгі жолаушылар терминалы, сыйымдылығы жылына 550 000 тоннаға дейінгі отын қоймасы, жылына 250 000 тоннаға дейінгі жүктерді толық өңдейтін жүк терминалы, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсететін авиациялық техникалық орталық құру, сондай-ақ басқа да туристік, сауда және ойын-сауық қызметтерін дамытудың үш кезеңдік бағдарламасын ұсынады.

“Қазіргі уақытта Жетісу облысының әкімдігі әуежай салу үшін жер телімін бөлді, инвестор инвестициялар туралы келісім жасалғаннан кейін жобаны іске асыруға кірісуді жоспарлап отыр”, – делінген хабарламада.