Ғалымдар 1 миллион өсімдіктің цифрлық галереясын жасап жатыр

0
497

Алғашқы галерея 9 айдың ішінде дайын болуға тиіс.


Ғалымдар 1 миллион өсімдіктің цифрлық галереясын жасап жатыр

ERNUR.KZ. Жаңа әдісті Австралиядағы Ғылыми және өнеркәсіптік зерттеу ұйымы қолға алған, деп жазады baq.kz.

Алғашқы галерея 9 айдың ішінде дайын болуға тиіс. Мамандар жүз мегапиксельді камераның көмегімен өсімдіктің ең ұсақ бөлшегін үлкейтіп түсіреді. Мұндай жұмыстар қоршаған ортаны толық зерттеуге мүмкіндік береді. Суреттер ортақ базаға жүктеліп, өзге ғалымдарға да қолжетімді болады.

Түрлі жапырақтардың, жеміс-жидек пен тұқымдардың цифрлық нұсқасы жасалып жатыр. Бұл база болашақта мамандар үшін таптырмас ресурсқа айналары сөзсіз, - дейді зерттеуші Абделуахит Хамис.