Гүлвира Ибраева көмекшілерінің алаяқ екенін айтты

0
2 894

ERNUR.KZ. ​Инстаграм әлеуметтік желісінде өзінің артық салмақтан арылу тәлісдерімен танымал болған Гүлвира Ыбыраева ханым бүгін оның атын жамылып, арықтау марафонын өткізіп жатқандар бар екенін айтты.


Гүлвира Ибраева көмекшілерінің алаяқ екенін айтты

суреттер @gulviraibraeva парақшасынан алынды

ERNUR.KZ. Инстаграм әлеуметтік желісінде өзінің артық салмақтан арылу тәлісдерімен танымал болған Гүлвира Ыбыраева ханым бүгін оның атын жамылып, арықтау марафонын өткізіп жатқандар бар екенін айтты.

Бұл туралы ол өзінің парақшасында жазды.

"Абай болыңыздар! Құрметті оқырмандарым! Менің атымды жамылып, менің көмекшім ретінде өзін таныстырып, арықтау марафонын өткізіп жатқандар бар екен...

Менде ешқандай көмекші жоқ. Мен өзім үйде бала бағып отырған анамын. Бос уақытымда марафон жүргіземін және менің арықтау парақшам осы. Менде басқа парақша жоқ (арықтау жайлы). Менің марафоныма тіркелу үшін дайректке жазсаңыз болды. Реквизит беремін. Реквизитті парақшаға шығара алмаймын, өйткені марафон тобыма тым көп қыз алмаймын. Нәтиже болуы үшін 18-20 қыз мен үшін ыңғайлы.

ҚАЙТАЛАЙМЫН! МЕНДЕ ЕШҚАНДАЙ КӨМЕКШІ ЖОҚ! МАРАФОНДЫ ӨЗІМ ЖҮРГІЗЕМІН!", - деп жазды Гүлвира ханым.

Айта кетейік, Гүлвира Ыбыраева ханым Ләйла Сұлтанқызының "Өз ойым" және Қарақат Әбілдина жүргізетін "Ана мен бала" бағдарламасына қатысқан болатын. Оның оқырмандары дұрыс тамақтанудың арқасында және ешқандай диетолог пен фитнес клубтарына бармай-ақ артық салмақ тастауға болатын кеңестеріне тәнті болып жүр. Гүлвира ханымның кеңесімен жақсы нәтижеге қол жеткізгендер өз пікірлерін жиі қалдырады.