Гүл теруге шығып жол апатына түскен: ауруханадағы оқушы қыз көз жұмды

0
1 552

Бұл - Жаңақалада орын алып отырған бірінші оқиға емес.


Гүл теруге шығып жол апатына түскен: ауруханадағы оқушы қыз көз жұмды

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында мектеп оқушысы жасаған жол-көлік апатынан зардап шеккен қыз ауруханада көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын жазғанымыздай, оқиға 20 сәуір күні кешкісін аудан орталығы Жаңақала ауылы маңында болды. Ауылдағы №3 орта мектептің 11-сынып оқушысы «Лада Ларгус» автокөлігін айдап кетіп, сыныптастарымен қызғалдақ теруге барған. Қайтар жолда рульге ие бола алмай, көлік аударылып қалған. Көліктің ішінде болған 17 жастағы қыз аса ауыр жарақат алған еді.

«Қаладан үш рет санавиация шақыртылды. Дәрігерлер өмірін сақтап қалуға қаншама тырысқанымен, кеше сағат 16.14-те қыздың демі үзілді», - деді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынова.

Бұл - Жаңақалада орын алып отырған бірінші оқиға емес. Осыдан бірнеше жыл бұрын жүргізуші куәлігі жоқ бозбала автокөлігімен өрімдей үш қызды қағып кеткен еді. Соның екеуі ажал құшса, біреуі ауыр жарақат алған болатын.