Гүлмира Сатыбалдыға қатысты іс бойынша алдын-ала тыңдау Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотында өтті.
ERNUR.KZ. Оның барысында адвокаттар айыпталушыны үй қамаққа ауыстыруды сұрады, деп жазады ҚазАқпарат.
«Қорғаушылардың Сатыбалды мен Батыршаевқа қатысты қылмыстық істі тоқтату, істі Қылмыстық-процестік кодектің 320-бабына сәйкес прокурорға қайтару және бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініштері қанағаттандырылмайды. Бұған дейін қабылданған шешім өзгеріссіз қалады», - деді Байқоңыр аудандық №2 сотының судьясы Кемеңгер Имашев.
Сондай-ақ, судья Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық істі сотта қарау 14 наурызда болатынын мәлім етті.
Еске салайық, бүгін аталған істі алдын-ала сотта тыңдау кезінде прокурор Альмира Қожахметова айыпталушы Гүлмира Сатыбалды сотқа дейінгі тергеу кезінде шекара асып кетпек болғанын айтты.