​Шымкентте «АДАЛДЫҚ – АДАМДЫҚ БЕЛГІСІ» атты қалалық сурет байқауы өтуде

0
168

Байқау 14-16 жас және 17-21 жас аралығындағы екі жас ерекшелік тобында өткізіледі.


​Шымкентте «АДАЛДЫҚ – АДАМДЫҚ БЕЛГІСІ» атты қалалық сурет байқауы өтуде

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды мақсат еткен «Адалдық – адамдық белгісі» атты қалалық сурет байқауы өтіп жатыр. Онда қаладағы колледж шәкірттері, мектеп оқушылары, жалпы 92 жас бағын сынап жатыр.

Аталған шараны «Бәйтерек» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып, Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің департаменті қолдау білдіруде. Байқаудың басты мақсаты – жастардың бойында адалдықты дәріптеп, жемқорлыққа қарсы сананы дамыту, талантты жастарды қолдау және олардың шығармашылық әлеуетін арттыру.
Іс-шараның ашылуында Шымкент қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары Нұртөре Қалдыбаев пен қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Заңғарбек Үсіпахметов жастарға сәттілік тілей отырып, байқаудың отансүйгіштікті тәрбиелеудегі рөлін атап өтті.
Байқау 14-16 жас және 17-21 жас аралығындағы екі жас ерекшелік тобында өткізіледі. Қатысушылар 90 минут ішінде берілген тақырып бойынша өз шығармаларын салады. Қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтау барысында шығармалардың тақырыптық мазмұнының ашылуына, түстер үйлесіміне және композициясына ерекше мән береді.
Жалпы байқауға қатысуға 13 мекемеден 127 өтінім келіп түскен. Жеңімпаздар Шымкент қаласы әкімінің дипломдарымен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, «Ең үздік авторлық шығарма» және «Ең жас суретші» номинациялары бойынша арнайы жүлделер беріледі.