Павлодардағы балалар үйінде жасөспірім қыз жүкті болып қалды

0
285

Медициналық тексеруден өткен жаспірімнің жүктіліктің үшінші аптасында екені анықталды.


Павлодардағы балалар үйінде жасөспірім қыз жүкті болып қалды

Фото: pexels.com

ERNUR.KZ. Павлодардағы балалар үйінің 16 жастағы тәрбиеленушісі жүкті болы қалды. Жасөспірім екі жақтың келісімен жыныстық қатынасқа түскенін мойындады, деп жазады stan.kz.

Медициналық тексеруден өткен жаспірімнің жүктіліктің үшінші аптасында екені анықталды.

“Қамқоршы – орталықтың басшысы құқық қорғау органдарына арыз жазды. Қызға психологиялық көмек көрсетілді “, – деп мәлімдеді облыстық білім басқармасы.

Іс кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қаралды. Орталық басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

“Қыз 16 жастан асқан. Келісім беретіндей жасқа толған. Заңға сәйкес, мұнда қылмыстық құқық бұзушылық та, қылмыстық іс қозғауға негіз де жоқ”, – деді облыстық балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шәкенева.

Сондай-ақ кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің некеге тұрғаны белгілі болды. Жас отбасыға қажет қаржылай көмекті құрсақтағы баланың әкесінің ата-анасы өз мойнына алды.