IELTS сертификаты бар түлектер шет тілінен тест тапсырмайды

0
1 631

Биыл елімізде ҰБТ тапсыру әдеттегіден өзгеше болмақ.


IELTS сертификаты бар түлектер шет тілінен тест тапсырмайды

ERNUR.KZ. Қазақстанда биыл ҰБТ-ны тапсыру кезінде IELTS сертификаты барларға да жеңілдік жасалады. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі мәжілісте Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп жазады Елорда Инфо.

Биыл елімізде ҰБТ тапсыру әдеттегіден өзгеше болмақ. Білім жүйесіне бірқатар өзгешеліктер енгізіліп отыр. Ол жаңалықтар туралы білім жүйесі қызметкерлеріне де, мектеп бітірушілерге де алдын ала түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгін үкімет отырысында Асхат Аймағамбетов кеңінен түсіндіріп берді.

«IELTS сертификаты бар түлектер шет тілі пәні бойынша тестілеуден босатылады. Оларға осы пән бойынша максималды балл автоматты түрде беріледі. Қазіргі таңда ҰБТ-ға қатысушылардың арасында IELTS сертификаты бар оқушылардың саны – 708» деп түсіндірді министр.

Айта кетелік, құзырлы министрлік басшысы биылдан бастап ҰБТ тапсыруға қатысты бірқатар жеңілдіктер берілетінін жария етті.