Игорь Рогов жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің төрағасы атанды

0
775

Дауыс беру қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің төрағасы болып ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары И.И.Рогов сайланды.


Игорь Рогов жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің төрағасы атанды

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесі құрылды, деп жазады Stan.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз-қызметі мәлімдеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (бұдан әрі – Агенттік) органның Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобының ұйымдастырушылық отырысы өтті.

«Ел басшылығы мемлекет пен қоғам арасындағы қашықтықты қысқарту, сондай-ақ халық үшін барынша ашық болу қажеттілігіне бірнеше рет назар аударды. Бұл тұрғыда мемлекеттік органдар жанындағы Қоғамдық кеңестер маңызды рөл атқарады», – деп атап өтті агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің төрағасы болып ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары И.И.Рогов сайланды.

Сондай-ақ, Кеңес құрамына мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы Ә.М.Бәйменов, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Е.Қ.Әбіл, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Д.Қ.Қыдырәлі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.С.Платонов, заң ғылымдарының докторы, профессор И.Ш.Борчашвили, Алматы қаласы бойынша арнайы мониторингтік топтың мүшесі, қоғам қайраткері Е.Н.Митрофанова, «М.С.Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университеті» АҚ Басқарма төрағасы Т.М.Нәрікбаев, CSI консалтингтік компаниясының аға серіктесі О.А.Құдайбергенов және Агенттіктің екі өкілі кірді.

"Қайта құрылған Қоғамдық кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері: маңызды мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру; шешімдерді талқылау және қабылдау кезінде қоғамдық мүдделерді білдіру және пікірлерді есепке алу; қоғамдық бақылауды ұйымдастыру, билік органдарының өзара іс-қимылын дамыту және олардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету", – делінген баспасөз-хабарламасында.

Осылайша, Агенттікте жаңа консультативтік-кеңесші орган құрылды, оның алдында Мемлекет басшысы жариялаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру кезінде қоғам мен мемлекеттік аппарат арасында келісім тетігіне айналу міндеті тұр