Іле Алатауы тауларында үш турист құтқарылды

0
525

Екі жас жігіт пен бір қыз Өткел – Жусалы шатқалы – Үлкен Алматы көлі бағыты бойынша тауға шыққан.


Іле Алатауы тауларында үш турист құтқарылды

Іле Алатауы тауларында үш турист құтқарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, 25 наурызда таңертең екі жас жігіт пен бір қыз Өткел – Жусалы шатқалы – Үлкен Алматы көлі бағыты бойынша тауға шыққан.

«Сол күні сағат 14:30-да туристердің бірі Ақтау қаласында тұратын ағасына қоңырау шалып, олар Алма-Арасан көздеріне жетпегенін, бағытын басқа жаққа өзгертіп, байланыс болмағанын айтқан. Ал 26 наурызда сағат 00:10-да РЖҚЖ көмекке шақырылды», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Туристерді іздеу жұмыстары түні бойы жүргізілді.

«Сағат 9:40-та РЖҚЖ құтқарушылары Өткел шатқалынан зардап шеккендерді тапты. Медициналық көмекке мұқтаж емес. Құтқарушылар әрқашан жақындарыңызға немесе туыстарыңызға жүретін бағытыңыз бен қайтар уақытыңызды ескерту керек екенін еске салады», - делінген хабарламада.