Іле Алатауында жас турист құтқарылды

0
181

Байланыс болмағандықтан және топта қарт әйел мен балалар болғандықтан, топ жетекшісі қызды тастап, қалғандарын төменге түсірген.


Іле Алатауында жас турист құтқарылды

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Іле Алатау тауының Қаскелең шатқалына көтерілген қыз ауырып қалған, деп жазады inform.kz.

Оқыс оқиға кеше болған. Іле Алатау тауының Қаскелең шатқалына бес туристтан тұратын топ көтерілген. Алайда топтың бір мүшесі ауырып қалған. Байланыс болмағандықтан және топта қарт әйел мен балалар болғандықтан, топ жетекшісі қызды тастап, қалғандарын төменге түсірген. Ол ТЖМ құтқарушыларын көмекке шақыруға мәжбүр болған.

ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары тұраққа түскен өтініш берушілерге жетіп, аталған координаттар бойынша зардап шегушіні іздестіруге кірісті. Іздестіру жұмыстары 16 сағаттан астам уақытқа жалғасты.

Зардап шеккен қыз тоңып қалған екен. Құтқарушылар оған алғашқы көмек көрсетті және оны тұрақта күтіп тұрған туыстарына жеткізді, — делінген ведомство хабарламасында.

Еске салсақ, бүгін түнде екі облыста өрт болып, мал іздеуге шыққан ер адам жоғалып кеткені белгілі болды.