Құтқарушылар турист тұрған орынға әлі жеткен жоқ.
ERNUR.KZ. Іле Алатауында жоғалып кеткен турист табылды. 71 адамнан тұратын топ оны екі түн, үш күн іздеген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Қия шатқалда қалып қойған тұрғын дронның көмегімен табылған. Кәсіби құтқарушылардан бөлек, «Доброспас» еріктілері, 4 дрон мен кинологтар Іле Алатауының тауларынан адасқан адамды іздеуге кіріскен еді. Тұрғынның асқаны туралы хабар 4 қарашада түскен.
«ТЖД 112 пультіне 1971 жылы туылған ған ер адамнан Аюсай-3 аумағында адасып қалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Ол «қаланы биіктіктен көріп тұрсам да, тік беткейден өздігінен түсе алмаймын» деп көмек сұраған.
Шақыртуды өңдеу барысында іздестіру-құтқару жұмыстарына БАО бекетінде орналасқан «109» құтқару қызметінің құтқарушылары жіберілді, қосымша ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы да көмекке аттанған. Аюсай шатқалына келгеннен кейін құтқарушылар түнгі уақытта жоғалған адамның болуы мүмкін «Аюсай» шатқалының барлық үш сарқырамасын зерттеді. Дереу ТЖД бастығының міндетін атқарушы, полковник Айтеев Асанның басшылығымен, қаланың өзара іс-қимыл қызметтерінің (оның ішінде қалалық ПД) жедел штаб құрылды. Бірінші күндері Іздестіру-құтқару жұмыстарына 36 адам, 3 кинологиялық есеп, 2 ұшқышсыз ұшу аппараты және «Доброспас» еріктілері жұмылдырылды», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Жоғалған турист әйелімен бірге сенбі күні таңғы сағат 7.00-де экопосттан байланысқа шыққан. Сағат 11-04-те Аюсай шатқалында байланыс үзілген.
«Туристі іздеу қараңғыда, күрделі таулы рельеф аумағында – тік беткейлерде жүргізілді. Құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде құтқарушылар альпинистік жабдықты қолданды. 5 қарашада (жексенбі) таңертең құтқару операциясына қосымша РЖҚЖ құтқарушыларының қосымша күші тартылды, оның ішінде бір кинологиялық есеп болды. Ер адамды іздеу тоқтаған жоқ, екінші сарқырама тексерілгеннен кейін құтқарушылар үшінші сарқырама – «Проходное» шатқалын қарады. ТЖМ «Қазавиақұтқару» авиаборты дайындыққа келтіріліп, алайда күрделі рельеф пен тығыз өсімдік беткейлеріндегі қозғалысты байқауға мүмкіндік бермегендік, сондықтан ТЖД дрондары мен командалық-штабтық машинасы жұмылдырылды», - деді ТЖД баспасөз қызметі.
Турист Аюсай шатқалындағы №3 сарқырамадан табылған. Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 71 адам, 5 кинологиялық топ, 10 техника, 4 ҰҰА жұмылдырылды. Бірақ қия шатқалдағы турист әлі төменге түсірілген жоқ.
ТЖМ құтқарушылары тұрғындарға қайіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:
- қатты жауын-шашын ( қар, жаңбыр) немесе қатты жел туралы дауыл туралы ескерту жарияланған жағдайда, тіпті таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс;
- егер сіз тауда болсаңыз, мұқият болыңыз және ауа-райының өзгеруін қадағалаңыз;
- үйге қайтуды тәуліктің кеш уақытына жоспарламаңыз, кері бағытты таба алмауыңыз мүмкін;
- рюкзактарда мына қажетті заттар болуы тиіс: жылы киімдер,күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторларының болуы артық болмайды;
- егер тауда көмек қажет болса, 112, 109 немесе 8(727) 372 -15-60 («ҚР ТЖМ РЖҚЖ» ММ кезекші-диспетчерлік бөлімшесі) қоңырау шалыңыз.