Илон Масктың анасы Алматының сұлулығына тәнті болды

0
264

Канадалық-оңтүстік африкалық модель,үш баланың анасы Мэй Маск Қазақстанға келгеніне өте қуанышты екенін жеткізді.


Илон Масктың анасы Алматының сұлулығына тәнті болды

Фото: Еламан Тұрысбеков/Kazinform

ERNUR.KZ. Илон Масктің анасы Мэй Маск Алматыда өткен Орталық Азия әйелдерінің форумында Қазақстаннан алған әсері туралы айтып, тұсаукесер дәстүріне тәнті болды, деп жазады inform.kz.

Америкалық кәсіпкер және Tesla компаниясының негізін қалаушы Илон Масктің анасы Мэй Маскті Орталық Азия әйелдерінің форумына қатысушылар зор қошеметпен қарсы алды.

Канадалық-оңтүстік африкалық модель,үш баланың анасы Мэй Маск Қазақстанға келгеніне өте қуанышты екенін жеткізді.

«Мен шытырман оқиғаларды жақсы көремін, саяхат жасағанды ұнатамын. Әлемнің бірталай елінде болдым. Бірақ, Қазақстанға алғаш рет келіп отырмын. Осында келгеніме өте қуаныштымын. Мен Қазақстан және Алматы туралы көбірек білгім келді, кеше әсем қалада шағын экскурсия жасадық. Бәрі керемет»,- деді ол.

Сонымен қатар, мейман қазақтың керемет салт-дәстүрі туралы айтты.

«Кеше мен кішкентай қыздың тұсауын кестім. Керемет дәстүр екен. Маған мынандай ұлттық нақыштағы сақина сыйлады. Кешелі бері тастамай тағып жүрмін», - деді ол.

Бұдан бөлек, Мэй Маск алматылықтарға денсаулық, дұрыс тамақтану, қартаю, гендерлік теңдік, балаларды жалғыз тәрбиелеу, қиындықтарды жеңу бойынша тәжірбиесімен бөлісті.

Мэй Маск - екі ғылым магистрі дәрежесі бар тағамтану ғылымдарының докторы. Ол 45 жылдан астам уақыт бойы жеке тамақтану бизнесін жүргізеді.