Иран Қазақстанға көкөністер мен жемістер жеткізетін болады

0
744

Астық 2022-2023 жылдарың егінінен жеткізілетін болады.


Иран Қазақстанға көкөністер мен жемістер жеткізетін болады

ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иран Ислам Республикасына жасаған сапары барысында екі мемлекеттің ауыл шаруашылығы министрлері Иранға 1 млн тонна көлемінде астық дақылдарын жеткізу туралы меморандумға қол қойды, деп жазады zakon.kz.

Астық 2022-2023 жылдарың егінінен жеткізілетін болады.

Бұған қоса, тараптар келіссөздер барысында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ол бау-бақша (түрлі құрғақ және жаңа піскен жемістер, субтропикалық жемістер экспортының көлемін ұлғайту), ауыл шаруашылығы ғылымы (органикалық өнімдер өндіру, бау-бақша шаруашылығын суарудың заманауи әдістері мен технологиялары, тамақтану), АӨК-ге инвестициялар (алма және жүзім дақылдарын басқаруды реформалау және жақсарту) саласындағы ынтымақтастықты, Қазақстандағы алма және басқа да бақтарды дамыту, мал шаруашылығы өнімдерін, сондай-ақ фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейді.

Сонымен бірге, Қазақстан мен Иран ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы мен транзитінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат шеңберінде Қазақстан Иранға дәнді дақылдар (бидай, арпа, жүгері), майлы дақылдар (зығыр тұқымы), өсімдік майлары (күнбағыс майы), кондитерлік өнімдер, ет (қой еті, сиыр еті) және ет өнімдерін жеткізуге ниетті.

Өз кезегінде Иран Қазақстанға көкөністер (картоп, пияз, сәбіз, қияр), жемістер (алма, алмұрт, айва, құрма, інжір, Ананас), су мен сүт өнімдерін жеткізетін болады.

Айта кету керек, 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында ҚР мен ИИР арасындағы АӨК саласындағы тауар айналымы 167,5 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,8% артық. Экспорт 1,6 есеге өсіп, 135,7 млн долларды, ал импорт 16,1% артып, 31,8 млн АҚШ долларын құрады.