Ішімдікке сылқия тойып алған астаналық көпірден секірді

0
847

35-40 жас аралығындағы ер адам мас күйінде суға батып кете жаздаған.


Ішімдікке сылқия тойып алған астаналық көпірден секірді

ERNUR.KZ. Астанада ішімдік ішкен ер адам суға шомылмақ болып, киімімен көпірден секірген, деп жазады Azattyq Ruhy.

«Бүгін, сағат 11.25-те елордада Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының бөлімшесі Есіл өзенін қайықпен патрульдеу кезінде»Серуен«жаяу жүргіншілер көпірінен өзенге секірген адамды құтқарды. 35-40 жас шамасындағы ер адам мас күйінде суға түсіп, батып кете жаздады», - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.