Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметінен кетті

0
606

Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.


Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметінен кетті

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев осы қызметке 2019 жылы ақпан айында тағайындалды. Бұған дейін алты жыл бойы министрдің орынбасары болды. Тергеу комитетінің төрағасы, сондай-ақ Алматы қаласы және Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменттерін басқарды.