Сотталушы қылмысы үшін ол 10 жылын түрмеде өткізуі тиіс болатын. Бірақ мұны марқұмның жақындары азсынып, апелляциялық шағым түсірді.
ERNUR.KZ. Ақтөбе облыстық соты жұма күні 22 жастағы Әсем Эльбрусованың өліміне қатысты апелляциялық шағым қаралды, деп жазады sputniknews.kz.
Бойжеткенді өзінің сөз байласқан жігіті буындырып өлтірген болатын. Әсем Эльбрусова Бақыт Орынбасаровпен бір жарым жыл бойы кездескен. Құда түсіп, үйленуді жоспарлапты. Алайда ғашықтар жалдамалы пәтердегі кездесу кезінде жігіт қылмыс жасады.
Ашуға булыққан Бақыт Орынбасаров қызды өз қолымен буындырып өлтірген. Осы қылмысы үшін ол 10 жылын түрмеде өткізуі тиіс болатын. Бірақ мұны марқұмның жақындары азсынып, апелляциялық шағым түсірді.
Облыстық соттың апелляциялық комиссиясы жазаны өзгертті. 23 жастағы сотталушы енді 11 жылын түрмеде өткізеді. Бұған қоса, моральдық шығын ретінде жеті миллион теңге төлеуі тиіс.