Канададан табылған Қызыл Ту орденінің иесін Қазақстаннан іздеп жатыр

0
846

«Майдан жолы» іздеу жасағына «191-ші атқыштар дивизиясының қайта құрастырушылар ротасы» қоғамдық ұйымы хабарласқан.


Канададан табылған Қызыл Ту орденінің иесін Қазақстаннан іздеп жатыр

ERNUR.KZ. Павлодарлық «Майдан жолы» жасағы Екінші дүниежүзі соғысына қатысып, кейіннен Оңтүстік Қазақстан облысында қызмет атқарған майдангердің Қызыл Ту орденінің Канадада сатылғаны туралы ақпарат алды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Майдан жолы» іздеу жасағына «191-ші атқыштар дивизиясының қайта құрастырушылар ротасы» қоғамдық ұйымы хабарласқан. Олар Ұлы Отан соғысына қатысушылар наградталған жауынгерлік медальдар мен ордендердің Канадада сатып алынғанын жеткізген. Енді оларды иесіне қайта табыстау үшін ардагерлердің туыстарын іздеп табуға көмек сұраған», - деп хабарлады тілшілерге «Майдан жолы» іздеу жасағының командирі Александр Шитов.

Оның айтуынша, марапаттардың бірі – 1903 жылы дүниеге келген Бочаров Иван Федоровичке тиесілі Қызыл Ту ордені.

Ол Сталинград облысының Урюпинск қаласында туып-өскен, Сталинградта соғысқан.

«Соғыстан кейін ол Оңтүстік Қазақстан облысының Шәуілдір ауылында аудандық әскери комиссар болып қызмет етті. Сондықтан Қазақстанда туыстары тұруы мүмкін. Жанашыр жандардан майдангердің туыстарын іздеуге көмек беруін сұраймыз, біз орденді отбасына қайтарғымыз келеді», - деп хабарлады жасақтан.

Соғысқа қатысушының Қазақстанда тұратын туыстарымен барлық мәселелер бойынша байланысу үшін мына мекенжайға хабарласуға болады: Павлодардағы «Майдан жолы» іздеу-зерттеу бөлімі, тел. 8777-461-73-78; E-mail: alex.shitov@mail.ru.