Канаданың генерал-губернаторы еліміздің Ұлттық ғарыш орталығында болды

0
1 313

Кездесу соңында Канаданың генерал-губернаторы Жюли Пайетт ғарыш саласы бойынша Қазақстанмен ынтымақтастыққа дайын екендігін жеткізді.


Канаданың генерал-губернаторы еліміздің Ұлттық ғарыш орталығында болды

ERNUR.KZ. Канаданың генерал-губернаторы Жюли Пайетт Қазақстан Республикасына тұңғыш ресми сапары аясында Астана қаласындағы Ұлттық ғарыш орталығында болып, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловпен кездесті6 деп жазады baq.kz.

Кездесу барысында Жюли Пайеттке презентация көрсетіліп, ол Қазақстанның ғарыш саласында іске асырып жобалары, атап айтқанда Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің мүмкіндіктерімен, жоғары дәлдікті навигациялық жүйемен танысты, сондай-ақ Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін көрді.

Аталмыш шараға қазақстандық ұшқыштар Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов қатысты.

Кездесу соңында Канаданың генерал-губернаторы Жюли Пайетт ғарыш саласы бойынша Қазақстанмен ынтымақтастыққа дайын екендігін жеткізді.

Айта кету керек, Жюли Пейетт ханым Канада ғарыш агенттігінің астронавты және «Дискавери» және «Индевор» шаттлымен ғарышқа екі рет ұшқан, сондай-ақ Халықаралық ғарыш стансасында болған канадалық алғашқы астронавт.

Канаданың генерал-губернаторы жұмасы сапары аясында 2018 жылғы 3 желтоқсанда экипаж құрамында канадалық астронавт Давид Сен-Жак болған «Союз МС-11» басқарылатын көлік кемесімен «Союз-ФГ» зымыран тасығышы ұшырылған жер – «Байқоңыр» ғарыш айлағы Гагарин алаңында» болды.

Естеріңізге саламыз, бұдан бұрын Жюли Пайетт Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен және ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасымжомарт Тоқаевпен кездесті.