Қант қызылшасы алқабы 6,7 мың гектарға ұлғайтылады - министр

0
1 047

2023 жылғы егіс алқаптарының болжамды құрылымы қалыптастырылды.


Қант қызылшасы алқабы 6,7 мың гектарға ұлғайтылады - министр

ERNUR.KZ. Бұл туралы Ауыл шаруашлығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп жазады baq.kz.

"Мәселен, биыл жалпы егіс алаңы 23,4 млн гектар болса, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 68,6 мың гектарға көп. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың егіс алаңдарын 117 мың гектарға, азықтық дақылдар алаңдарын 36,5 мың гектарға және қант қызылшасы алаңдарын, 6,7 мың гектарға ұлғайту көзделіп отыр", - деді министр Үкімет отырысында.

Қарашөкеевтің айтуынша, нарық конъюнктурасының өзгеруіне байланысты мақсары, соя және қыша сияқты кейбір майлы дақылдардың алаңдары шамалы қысқаруы мүмкін.

"Күнбағыс сияқты әлеуметтік маңызы бар дақыл үшін алқапты 30,8 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда. Көкөніс, бақша және картоп бойынша егіс алқабын 11,1 мың гектарға ұлғайтылмақ. Ылғалды көп қажет ететін дақылдарға келетін болсақ, осы жылы өткен жылмен салыстырғанда мақта алаңының 14,8 мың гектарға азаюы болжанып отыр, ол - 111,4 мың гектар", - деді Ербол Қарашөкеев.