124 полиция қызметкері және Ұлттық гвардияның әскерилері дене жарақаттарын алды.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп жазады baq.kz.
Қаңтар оқиғалары кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының екі ірі қаласында агресивті 2500 адамдар мен полицияның қақтығысы бір уақытта болғанын атап өткім келеді.Нәтижесінде 5 қаңтарда Семей қаласының әкімдігі басып алынды, 12 полиция автокөлігі зақымдалды, «Тигр» арнайы көлігі ұрланды, - деді Қилымжанов.
Ол атағандай, 124 полиция қызметкері және Ұлттық гвардияның әскерилері дене жарақаттарын алды.
Өскемен қаласында шабуылдаушылармен әкімдіктің, халық банкінің, «Сулпак» дүкенінің ғимараттына, коммерциялық дүкендерге және 10 қызметтік автокөліктерге зақым келтірілді. «Бекет-2» стационарлық полиция бекеті жойылды.Осы кезеңде облыста 7 адам қаза тапты, - деді ол.
Орынбасардың айтуынша, полицияның ғимараттарында қаза болған 3 адам бойынша тергеуді Бас прокуратураның Арнайы прокурорлары жүргіп жатыр.
4 адамның қаза болу фактілері бойынша тергеу полиция органдарымен жүргізіліп жатыр, - деді ол.