Қаңтар оқиғалары кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша өз міндеттерін орындау барысында 58 полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер сүйек сынуы, атыс және пышақ жарақаттары түрінде ауыр жарақат алған.
Бүгінгі таңда ауыр жарақат алған 14 полиция қызметкері ем қабылдауын жалғастыруда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы Әділов Санжар мәлімдеді.
"Бұрын біз қаңтар оқиғалары кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша өз міндеттерін орындау барысында тәртіпсіздікке қатысушылар тарапынан аяусыз соққыға жығылған зардап шеккен полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер туралы бірнеше рет хабарлағанбыз.. Сол кезде олардың 58-і сүйек сынуы, атыс және пышақ жарақаттары түрінде ауыр жарақат алған", - деді Әділов.
Ол атағандай, шабуылдаушылар өз іс-әрекеттерімен тікелей олардың өміріне қол салған.
Бүгінгі таңда ауыр жарақат алған 14 полиция қызметкері ем қабылдауын жалғастырып жатыр, - деді ол.