Ұсталған адамға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
ERNUR.KZ. Бұл туралы ІІМ көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңалбек Бекиев мәлімдеді, деп жазады baq.kz.
Оның айтуынша, қаңтар айындағы оқиғалар кезінде Алматы қаласының әуежайында жасалған қылмыстарды тергеумен айналысатын көліктегі ПД тергеу-жедел тобы бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеу барысында Алматы қаласында тұратын Жамбыл облысының 24 жастағы тумасы анықталып, ұсталды.
Ағымдағы жылдың 5 қаңтарында ұсталған азамат тәртіпсіздіктердің басқа қатысушыларымен бірге қару-жарақ дүкенінен қару ұрлап, Алматы қаласының әуежайына қарулы шабуыл жасағандығы, содан кейін сыбайластарымен бірге Алматы қаласы ПД ғимаратына барғаны анықталды. Тәртіп сақшыларымен бірге полиция департаментінің ғимараты таңғы сағат 6 - ға дейін қоршалды, - деп түйіндеді полиция генерал-майоры.
Осыдан кейін ол ұрланған қаруды белгісіз тұлғаға 40 мың теңгеге сатқан.
Ұсталған адамға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Тергеу амалдары жүргізілуде - деді Бекиев.