Қантты сауда желілері қымбаттатып отыр – министр

0
534

Кейбір дүкенде келісі 500-600 теңгеден беріліп жатыр.


Қантты сауда желілері қымбаттатып отыр – министр

ERNUR.KZ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев үкімет кулуарында журналистерге айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Кейбір дүкенде келісі 500-600 теңгеден беріліп жатыр. Оның бәрі бағаны негізсіз өсіретін сауда желілеріне байланысты. Жалпы қант бағасы тұрақты, ол шикізаттың бағасына байланысты болады. Қазақстанда өндірілетін қанттың 70 пайызы құрақ қанттан жасалған. Біз қант өнеркәсібін дамыту бағдарламасын жасап жатырмыз. Менің ойымша, біз жыл соңына дейін бағаның күрт өсуін күтпейміз", - деп қосты Қарашөкеев.

"Жалпы қазір әлемде қант бағасының өскені байқалады. Ал бізде баға тұрақты. Алсаңыз келісі 400-ден, кей жерлерде 500 теңгеден болуы мүмкін. Бұл қанттың импортына байланысты. Құрақ қантының бағасы айырбаспен, сондай-ақ дайын қантпен анықталатынын ескерген абзал. Биржадағы бағаға да байланысты. Бізде 4 зауыт бар, қазір оларды шикізатпен толық қамтамасыз еттік. Мамыр айында біз шамамен 32-35 мың тонна, маусым айында шамамен 40-45 мың тонна өндіріс көлемін күтеміз. Ішкі тұтынуды қамтамасыз ету үшін бізде өндірілген көлемдер жеткілікті", - деді министр.