Еліміздің солтүстігінде 30 градус аяз болжанып отыр.
ERNUR.KZ. Алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп жазады sputnik.kz.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде қар, оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. 6 қаңтарда солтүстік-батыста қатты қар жауады, оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтілуде. 7-8 қаңтар күндері солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта қатты қар жауады.
Сондай-ақ республиканың солтүстік жартысында көктайғақ пен боран болжанып отыр. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
"Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында солтүстік-батыс антициклон жотасының суық ауа массалары енуіне байланысты температура күрт төмендейді", - деп ескертті синоптиктер.
Батыста және солтүстік-батыста түнгі уақытта 8-25 градус аяз, солтүстікте 5-30 градус аяз, ал республиканың шығысында 5-18 градус аяз күтілуде.
Оңтүстік өңірлерде түнде 5 градус аяз және 7 градус жылы болады.