Тұман түсіп, желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі ықтимал.
ERNUR.KZ. "Қазгидромет" мамандары республиканың бірқатар облысына дауыл жақындап келе жатқанын хабарлады. Бұл аймақтарда желдің күшеюі, көктайғақ пен аяз түсуіне байланысты ауа райының нашарлауы күтіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Дүйсенбіде Түркістан облысында жауын-шашын болып, жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін. Сондай-ақ тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі ықтимал.
Күндіз бұл өңірде ауа температурасы 3-8 градус нөлден жоғары, кей уақытта 0 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Осыған ұқсас ауа райы 5 қарашада Жамбыл мен Алматы облыстарында да күтіледі. Жаңбыр соңы қарға ұласып, күшті жел мен көктайғақ болуы ықтимал. Бұл аймақтарда сынап бағанасы 0-5 градус аязды көрсетуі мүмкін.
Дүйсенбі күні Қостанай облысында жаяу бұрқасын соғып, тұман мен көктайғақ болып, жел екпіні секундына 23 метрге дейін күшеюі ықтимал.
Сондай-ақ осы күні Ақмола облысында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын және секундына 23 метр жылдамдықпен жел соғуы мүмкін.
Синоптиктердің болжамынша, 4 қарашада Жамбыл облысында желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетіп, тұман түседі.
Ал Таразда аптаның алғашқы күнінде жылдамдығы 25 метрге дейін жел соғып, тұман түсуі ықтимал.