Қар жауады: Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

0
2 250

Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады.


Қар жауады: Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Қазан айының соңғы күндерінде республиканың басым бөлігінде күн суытады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазан айымен бірге аномальді жылу да аяқталуда. Атлантикадан жылы және ылғал ауаны әкелген батыстық тропосфералық ағымдар солтүстік-батысқа қарай ауыса бастайды.

Сондықтан қазан айының соңғы күндерінде Қазақстанда алдымен батыс, сондан соң солтүстік облыстарында жаңбырдың арты қарға ұласуымен және температураның климаттық нормаға дейін төмендеуі күтіледі.