Қарағанды дәріханаларына медициналық масканың алғашқы партиясы жетті

0
1 211

Маска облыстың әлеуметтік дәріханаларында 40 теңгеден сатылып жатыр.


Қарағанды дәріханаларына медициналық масканың алғашқы партиясы жетті

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында емханалар жанында орналасқан барлық әлеуметтік дәріханаларға медициналық маскалардың алғашқы партиясы жеткізілді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгін, 12 наурызда Қарағанды облысының әлеуметтік дәріханаларына медициналық маскалардың алғашқы партиясы әкелінді. «МФ Мерей» ЖШС өткен аптада Қарағанды облысын қамтамасыз ету үшін үш қабатты медициналық маскалар өндірісін іске қосты», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Сонымен қатар ведомствода маска облыстың әлеуметтік дәріханаларында 40 теңгеден сатылып жатқанын жеткізді.

Облыс билігі коронавирус инфекциясының пайда болуына жол бермес үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

«Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ» дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.