Болжам бойынша қайтыс болған ер адам ішімдік ішкен.
ERNUR.KZ. 20 қаңтарда Қарағанды қаласындағы Крылов көшесінде ер адамның мүрдесі табылған. Ер адам түнде жол жиегіне құлап тұра алмай қалған тәрізді. Марқұмның денесін үсік шалған, деп жазады inbusiness.kz.
“Алдын ала болжам бойынша ер адам ішімдік ішкен болуы мүмкін. Қарағанды қаласының тұрғыны. Оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр”, - деп хабарлады Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.
Қайтыс болған ер адам 1984 жылы туған. Полиция дерегінше ол бұрын бірнеше рет әкімшілік жазаға тартылған.