Қарағанды облысында ата-аналар алты күндік оқу аптасына қарсы шықты

0
966

Жиналғандар Шахтинск білім басқармасының басшысы 7-11 сынып оқушылары үшін алты күндік оқу аптасын енгізіп, оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына қарсы шығып жатыр деп санайды.


Қарағанды облысында ата-аналар алты күндік оқу аптасына қарсы шықты

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының Шахтинск қаласында бірнеше мектептің ата-аналары алты күндік оқу аптасына қарсы шықты, деп жазады stan.kz.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар Instagram-дағы "Вечерняя Караганда" паблигінде жарияланған. Жиналғандар Шахтинск білім басқармасының басшысы 7-11 сынып оқушылары үшін алты күндік оқу аптасын енгізіп, оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына қарсы шығып жатыр деп санайды.

"Балалар бір күн демалады. Олар үйірмелер мен репетиторларын тастап кетуге мәжбүр. Көпшілігінің денсаулығында ақау бар", - деп шағымданды ата-аналар.

Олардың айтуынша, балаларға жүктеме айтарлықтай артқан. Ата-аналар мектептердегі екінші ауысым кеш басталып, сәйкесінше балалар үйге кеш қайтатынын айтты.

Ата-аналардың наразылығы жергілікті білім беру шенеуніктерінің қабылдаған шешімін қайта қарауға мәжбүр етті. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, гимназиялар мен лицейлерден басқа, өңірдегі мектептердің көпшілігінде оқу аптасы – бес күн.

"Ата-аналардан келген өтініштерді назарға алып, қала мен аудандардың білім бөлімдерінің басшыларына бес күндік режимге қайта кіру үшін кесте құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Сонымен қатар, оқу жоспарында көзделген гимназия және лицей сыныптары үшін қосымша сағаттар сенбі күндері өткізіледі", - деп хабарлады Қарағанды облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.