Қарағанды облысында бірнеше оқу орны лицензиясынан айрылды

0
448

Оқытушылардың арнайы анықтамалары да болмаған.


Қарағанды облысында бірнеше оқу орны лицензиясынан айрылды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында бірнеше орта арнаулы оқу орнының лицензиясын қолдануды тоқтататылды, деп жазады sputnik.kz.

Прокуратура орта арнаулы білім беру ұйымдарын тексеріп жатыр.
"Теміртау қаласындағы білім беру ұйымдарының білім беру және медицина саласындағы міндетті стандарттар бұзылған. Атап айтқанда, педагогикалық жұмыспен біліктілік санаттары жоқ және біліктілігін арттыру курстарынан өтпеген оқытушылар айналысқан", - дейді прокуратура.
Оқытушылардың арнайы анықтамалары да болмаған.
"Олардың соттылығы, медициналық қарсы көрсетілімдері, психиатриялық және наркологиялық есепте тұрған, тұрмағаны туралы анықтамалары жоқ. Білім беру ұйымдарының Жарғылық құжаттары белгіленген талаптарға сәйкес келмейді, студенттерді оқуға қабылдау тәртібі бұзылған, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік және медициналық бұйымдар сақталған", - дейді ведомство.
Ал техникалық-экономикалық колледжде 12 оқытушы біліктілігін арттырмай сабақ берген болса, жоғары политехникалық колледжде 5 мұғалімнің біліктілік санаты мүлдем жоқ.
Прокуратураның қадағалау актісімен үш білім беру ұйымы білім беру қызметіне мемлекеттік лицензиясынан айырылды. Кінәлілер жауапқа тартылып, 4 мыңнан астам студенттің құқығы қорғалды.