Қарағанды облысында оншақты ауыл жарықсыз қалды: Әкім мәлімдеме жасады

0
221


Қарағанды облысында оншақты ауыл жарықсыз қалды: Әкім мәлімдеме жасады

Сурет: pxhere


ERNUR.KZ. Электр энергиясымен қамсыздандыру мәселесіне байланысты жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі енгізілген Қарағанды облысы, Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров 27 ауылдың 14-і электр қуатына толықтай қосылғанын жеткізді, деп жазады Zakon.kz.

Бұл туралы әкім 21 ақпанда Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Біз ауданда электр энергиясын қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз. Жөндеу жұмыстарына жергілікті мамандар тартылды. Шет Энерго компаниясынан электр қуаты берілетін 27 ауылдың 14-і қосылды. Қалған елді мекендерде электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. "Шет Энерго" желілерін толық тексеру жоспарлануда", делінген жазбада.