Қарағанды облысында жер сілкінісі тіркелді

0
212

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматының солтүстік-батысынан 500 шақырым жерде орналасқан


Қарағанды облысында жер сілкінісі тіркелді

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында жер сілкінді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Сейсмикалық станциялар желісі 30 қазанда Қазақстан аумағында жер сілкінгенін растады.

"Астана уақыты бойынша сағат 10:59:08-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің координаттары: 47,572 N. 75.347 Е. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматының солтүстік-батысынан 500 шақырым жерде орналасқан", - делінген хабарламада.