Қарағанды облысында жылына 58 кВТ-тан астам қуат өндіретін күй электр станциясы ашылды.
Қарағанды облысында "Гүлшат" күн электр станциясы іске қосылды - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Қуаттылығы 40 МВТ болатын қуат өндіруші бекеттің құрылысы 2018 жылы басталған болатын. Құны 46 миллион долларды құрайтын жобаның инвесторы АҚШ-тың Risen Energy Co.Ltd. компаниясы. Бүгінде станцияда 122 960 күн сәулесінен қуат алатын тақтайша орнатылған.
Күн электр станциясы жылына 58,6 миллион кВт электр энергиясын өндіреді деп күтіліп отыр. Гүлшат Қазақстандағы ең ірі қуат өндіру орындарының бірі. Осылайша еліміз "жасыл экономикаға" бет бұрып жатыр. Таза электр энергиясын өндіретін болады. Айта кету қажет, қуат өндіру орындарын салуға елісізде тұңғыш рет отандық құрылыс компаниясы тартылған. Құрылыс жұмыстарына 300-гу жуық адам шақырылса, енді мұнда тұрақты түрде 30 астам адам жұмыс істейтін болады.