Ата-анасы бүлдіршіннің мұрын қуысында бөтен дене қанша күннен бері жатқанын білмеген.
ERNUR.KZ. Қарағандының дәрігерлері екі жасар баланың мұрнынан 10 тірі құрт шығарды, деп жазады Inbusiness.kz.
Қыз баланың мұрнынан жағымсыз иіс 3-4 күн бұрын пайда болғанын әжесі сезген. Алайда дәрігерге баланың мұрнынан қан кете бастағанда бірақ жүгінген.
Ата-анасы 18 шілдеде облыстық балалар клиникалық ауруханасына келіп, қызды дәрігерлерге көрсеткен. 19 шілдеде олар қайта шақырылып, баланы дәрігерлер тексергеннен кейін ауруханаға жатқызылды.
"Қабылдау бөліміне ЖМК бригадасы 2,6 жастағы қызды мұрыннан қан кетумен және мұрнында бөгде дене бар деген күдікпен алып келді. Риноксопия кезінде оң жақ мұрын жолынан бөгде денелер (губка, тірі құрттар) табылды", - деп хабарлады Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасы өз Instagram-парақшасында.
Барлығы баланың мұрнынан 10 тірі құрт шығарылды.
"Мұрын қуысына механикалық санация жүргізілді. Жалпы анестезиямен мұрын жолдары мен синустарды эндоскопиялық тексеру жоспарлануда. Орофарингеальды фарингоскопияда ерекшелік жоқ, жұту әрекеті еркін, тамақ еркін келеді, дауысы жақсы, бала белсенді. Синус рентгенография нәтижесінде синуситтің катаральды құбылыстарын анықтадық", - деп қосты балалар клиникалық ауруханасы.