Апат салдарынан бір жүргізуші қаза тапқан.
Фото: скриншот
ERNUR.KZ. Кеше, 20 қараша күні кешкі сағат 18:12-де Қарағанды облысында болған жол апатынан бір адам қаза тауып, тағы бір адам ауруханаға түсті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Қазір әлеуметтік желіде кешқұрырым болған жол апатының видеосы тарады. Бейнежазба авторлары бір-бірімен соқтығысқан бес көліктің және өкінішке қарай мерт болған жүргізушінің де видеосын түсіріп алған.
Қарағанды облысының полиция департаменті хабарлағандай, апат «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 1063 шақырымында, яғни, Теміртау мен Осакаровка елді мекендерінің маңында болған.
«2024 жылдың 20 қарашасында кешкі сағат 18:12-де «SHACMAN» маркалы үш жүк көлігі мен «Volvo» маркалы тағы екі жеңіл көлік соғылды. Салдарынан бір жүргізуші оқиға орнында қаза тапса, тағы бір жүргізуші ауруханаға түсті. Полиция жол апатына қатысты фактіні тіркеді», - деп хабарлайды Қарағанды облысының полиция департаменті.