29 қазаннан бері реанимацияда болған екінші құрылысшының қайтыс болғаны белгілі болды.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. Қарағандыда салынып жатқан көпқабатты үйде құлаған лифт салдарынан тағы бір адам көз жұмды, деп жазады tengrinews.kz.
29 қазаннан бері реанимацияда болған екінші құрылысшының қайтыс болғаны белгілі болды.
Осыған байланысты қылмыстық іс тергеліп жатқан баптың біліктілігі өзгертілді. Енді тергеу "абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша жүргізіледі.
Сонымен қатар мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті тергеу жүргізіп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда салынып жатқан тұрғын үйдегі лифт істен шығып, бір адам қаза тапқаны хабарланған болатын.