Қарағандыда рөлдегі әрекетін видеоға түсірген жүргізуші ұсталды

0
720

Жол жүру ережесін өрескел бұзған жүргізушінің бейнежазбасы әлеуметтік желілерге мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында анықталған.


Қарағандыда рөлдегі әрекетін видеоға түсірген жүргізуші ұсталды

ERNUR.KZ. Қарағандыда полицейлер өзінің құқық бұзу әрекетін бейнекамераға түсірген жүргізушіні анықтады, деп жазады tengrinews.kz.

Жол жүру ережесін өрескел бұзған жүргізушінің бейнежазбасы әлеуметтік желілерге мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында анықталған.

"Жүргізушінің кім екенін анықтау мақсатында облыстың патрульдік полиция полкінің жеке құрамына бағдар берілді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 20 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны анықталды. Оған қатысты хаттама толтырылып, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды", - делінген хабарламада.

Ал жүргізушінің әлеуметтік желісінде полиция формасымен тұрған суреті фотошоп арқылы жасалғаны дәлелденген.