Қарағандыда жалаңаш ер адам көпқабатты үйдің шатырына шығып кетті - видео

0
829

Қарағанды тұрғыны үйдегілермен ұрысып қалғаннан кейін үйдің шатырына шығып кеткен. Оған жергілікті полиция қызметкерлері көмекке келді.


Қарағандыда жалаңаш ер адам көпқабатты үйдің шатырына шығып кетті - видео

ERNUR.KZ. Қарағандының тәртіп сақшылары жергілікті тұрғынға көпқабатты үй шатырынан түсуге көмектесті. Ер адам отбасымен ұрысып қалғаннан кейін шатырға шығып кеткен, деп жазады sputniknews.kz.

Киімі жоқ адамның көпқабатты үйдің қарға толы шатырында отырған видеосы желіде жарияланған.

Ролик авторының айтуынша, Қарағанды тұрғыны үйдің шатырына өз балконынан шығып кеткен. Ол сол жерде полицейлер көмекке келгенше шамамен 20 минут отырған.

Кезекшілерге осы жағдай жайлы ақпарат түскеннен кейін Қарағанды полиция басқармасының қызметкерлері оқиға орнына бірден шығыпты.

"Патрульдік полиция қызметкерлері сол жерге келгеннен соң шатырда отырған ер адамды көрген. Тәртіп сақшылары 31 жастағы тұрғынды шатырдан түсіргеннен кейін жедел жәрдем шақырған. Алдын ала болжам бойынша, ол мас болған", - делінген ақпаратта.

Медицина қызметкерлерінің мәліметіне сай, ер адамның қолдары мен аяқтарының саусақтары үсіп қалған.