Қарағандыда жезөкшелікке қыздарды кастинг арқылы іріктеген

0
894

Жас және сұлу қыздарды әлеуметтік желілерден іздестірген. Хабарландыруларда жоғары табыс уәде берген.


Қарағандыда жезөкшелікке қыздарды кастинг арқылы іріктеген

ERNUR.KZ. Қарағандыда массаж салоны деген жалаумен секс-притон жұмыс істегені анықталды. Интимдік бизнесті ұйымдастырушылар қызметкерлердің мұқият таңдалғанын айтты, деп жазады Stan.kz.

Жас және сұлу қыздарды әлеуметтік желілерден іздестірген. Хабарландыруларда жоғары табыс уәде берген. Бірақ штатқа кастингтен кейін ғана қабылдаған.

Нәтижесінде массаж жасауға ғана емес, жыныстық қызмет көрсетуге де келіскендер қалған. Клиенттерді әртүрлі бағдарламамен тартқан.

Тексеріс кезінде притонның әкімшісі, мекеме иесі және 18 жастан 37 жасқа дейінгі сегіз "массажист" ұсталды.

“Қарағанды қаласында ұзақ уақыт бойы рөлдерді бөліп, қылмыстық кәсіпкерлікпен айналысқан тұлғалар анықталды. Қылмыскерлер әлеуметтік желілерге қыздарды жұмысқа алатыны туралы хабарландырулар жариялаған. Жоғары жалақы ұсынып, тура жолдан тайдырған”, – деді Қарағанды облысы ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Азамат Сыздыбеков.