Кәсіпкер қиын жағдайдағы балаларға нанды 354 теңгеден сатқан

0
685

120-дан астам кәмелетке толмаған бала тұратын орталыққа азық-түлікті жергілікті кәсіпкер әкеліп жүрген.


Кәсіпкер қиын жағдайдағы балаларға нанды 354 теңгеден сатқан

ERNUR.KZ. Алматы облысында қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына нанды екі есе қымбат бағаға сатқан кәсіпкер жауапқа тартылды, деп жазады sputnik.kz.

120-дан астам кәмелетке толмаған бала тұратын орталыққа азық-түлікті жергілікті кәсіпкер әкеліп жүрген. Ол нанды 140 теңгеден сатып алып, балалар үйіне 354 теңгеден (153% үстемақымен) сатқан.
Бұдан бөлек, қарақұмық жармасын – 145 процентке (келісін 281 теңгеге алып, 687 теңгеге сатқан), күнбағыс майын – 63 процентке (келісін 600 теңгеге алып, 977 теңгеге сатқан), ал қантты 38 процентке (келісін 350 теңгеге алып, 480 теңгеге сатқан) артық бағаға жеткізген.
"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әлеуметті маңызы бар азық-түлік үстемеақысы 15%-дан аспауға тиіс. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жеткізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал орталықпен жасалған ӘМАТ-ты жеткізу шарты 1,3 млн теңгеге төмендету жолымен қайта қаралды", - дейді агенттік мамандары.
Сондай-ақ облыстағы бірқатар балабақшаға тауар жеткізетін кәсіпкерлер қосымша келісімдер жасалды. Олар да азық-түлікті сатып алу бағасын 3,9 млн теңгеге төмендетуге міндеттелді.