Әйел адам өзенге құлап кеткен.
ERNUR.KZ. 22 шілдеде Республикалық жедел-құтқару жасағы құтқарушылары Қонаев қаласы ЖҚЖ бірге Қаскелең өзенінен әйел адамның денесін тауып алып шықты, деп жазады inbusiness.kz.
Куәгерлердің айтуынша, әйел адам өзенге құлап, өзен ағысы қатты болғанының әсерінен шыға алмай қалған.
Дене болжамды құлау орнынан 1,5 шақырым қашықтықта табылды.