Kaspi Bank бұрынғы қызметкері туралы мәлімет үшін 10 миллион теңге бермек

0
1 218

Ол кепілдегі жылжымайтын мүлікті сатып алуға көмектесемін деген уәдемен жәбірленушілерді өзінің шотына қаражат аударуға көндірген.


Kaspi Bank бұрынғы қызметкері туралы мәлімет үшін 10 миллион теңге бермек

ERNUR.KZ. Павлодарда Kaspi Bank-тің бұрынғы қызметкері Руслан Сексембаев банктің атын жамылып, клиенттерді алдап келген, деп жазады Stan.kz.

Ол кепілдегі жылжымайтын мүлікті сатып алуға көмектесемін деген уәдемен жәбірленушілерді өзінің шотына қаражат аударуға көндірген. Мұнан кейін қашып кетіпті.

Қазір полиция тергеу-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

«Kaspi қылмыскерді тауып, жазалау, клиенттердің мүдделерін қорғау мақсатында құқық қорғау органдарымен белсенді жұмыс жүргізуде. Алаяқтың қазіргі орналасқан жері туралы ақпарат үшін Kaspi 10 миллион теңге мөлшерінде сыйақы тағайындайды», - делінеді банк хабарламасында.

Руслан Сексембаев туралы мәліметті Kaspi-дің қауіпсіздік қызметіне хабарлауға болады: +7 705 211 16 93.

«Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз осы адамның әрекеттерінен зардап шексеңіздер, Павлодар қаласының құқық қорғау органдарына арыздануыңызды сұраймыз», - дейді банктегілер.

Kaspi банкпен жасалатын барлық қаржылық қатынастардың шартпен бекітілетінін еске салы. Қаржы ұйымы біреудің шотына қаражат аударуды ешқашан талап етпейді.