Тоқаевқа газеттің қызметі туралы егжей-тегжейлі баяндалды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліні қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Егемен Қазақстан» газетінің ағымдағы қызметі туралы егжей-тегжейлі баяндалды.
Дархан Қыдырәлі Президентке коронавирус пандемиясы кезінде қолға алынған жаңа жобалар туралы айтты.
Сондай-ақ Мемлекет басшысына Халықаралық Түркі Академиясының биыл атқарылған жұмыстары туралы да мәлімет берілді. Хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында ұлы ақынның аударылып, жарық көрген шығармалары, әл-Фарабидің 1150 жылдығы аясында өткізілген халықаралық ірі жиындар мен конференциялар, Алтын Орданың 750 жылдығы аясында жарық көрген жаңа кітаптар жөнінде толық ақпарат берілді.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы «Егемен Қазақстан» газетін заманауи талаптарға сай шығарып, Халықаралық Түркі Академиясының жұмысын одан әрі ілгерілете беруді тапсырды.