Президент мемлекеттік органдарға нақты міндеттер жүктеп, тапсырмалар берді.
Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл кеңесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Жиында халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қаралды.
Жиында Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша Президент мемлекеттік органдарға нақты міндеттер жүктеп, тапсырмалар берді.