Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

0
877

Жарылыстан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.


Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президенті Ариф Алвиге елдің солтүстік-батысында болған лаңкестік шабуыл салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан халқының және жеке өз атынан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтып, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді",- делінген жеделхатта.